12 жасар мұғалім. Биші қыздың арманы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 12 жасар Элая Байшақова еліміздің өсіп келе жатқан жарқын жұлдызы. Ол ел ішінде де, шетелде де әртүрлі стильдегі би батлдарына қатысып жеңістің дәмін татқан. Өзі бала болса да биші қыз балалар мен жасөспірімдерді би өнеріне баулып, сабақ береді. Қазірдің өзінде шәкірттерінің жетістіктерімен мақтана алады.

Элая Алматыда дүниеге келіп, өмірінің алғашқы жылдарын сонда өткізген, ал 2013 жылы отбасымен Нұр-Сұлтанға көшіп келген. Осы кезде қыздың биге деген сүйіспеншілігі оянады. Элая билеуді кездейсоқ бастады, 2015 жылы отбасымен бірге ойын-сауық кешенінде қыдырып жүріп, ырғақты музыка естіліп тұрған студияға соға кетеді. Ырғақты би Элая мен оның үлкен ағасы Раульді де таңғалдырды, ата-анасы болса балаларға биге қатысып көруге кеңес береді.


Содан бері 6 жасар Элая мен 8 жасар Рауль екі жылдан кейін Орталық Азиядағы International Street Dance Session атты халықаралық көше биі сессиясында алғаш рет өз шеберліктерін көрсету үшін хип-хоп биінің негіздерін үйренді. Онда Қазақстан мен ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен келген ең үздік бишілер өнер көрсетеді. Байқауға бірінші рет қатысқан Рауль «Хаус алғашқылар» санатында, Элая болса «Хип-хоп балалар» санатында жеңіске жетіп, ата-анасы мен жаттықтырушысын қуантты.

Жаттықтырушыары тағы басқа байқаулар мен би сайыстарын жоспарлап жүргенде, Байқошқаровтар отбасы Алматыға көшетіндерін айтқан. 

2018 жылы Алматыға көшкеннен кейін Элая мен Рауль жаңа би студиясында оқуын жалғастырды. Бұл кезеңде аға-қарындастың би шеберлігінің деңгейі айтарлықтай жақсарды, бұл оларға би додаларына қатысуға ғана емес, сонымен қатар жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік берді. Бишілердің анасының айтуынша, олардың жетістігіне Алматыдағы дамыған би мәдениеті, жаңадан келген мұғалімдердің тәжірибесі ықпал еткен. 


Рауль мен Элая жергілікті іс-шараларда жиі жеңіске жетіп, Қырғызстанға, Мәскеуге, Италияға барған кездері болды, - дейді балалардың анасы. 

Биші балалардың анасының айтуынша, Рауль мен Элаяның би сайысындағы жетістіктерінің жағымсыз жақтары да болған. Ағасы мен қарындасы би додаларында бір-біріне қарсылас болған жағдайлар да жиі кездесіп тұрған. Бұл жағдайда ата-ана бейтараптықты сақтаған.


Жеңістің қуанышын бұзбау үшін және жеңілген балаға қолдау көрсету үшін күйеуім екеуміз өзімізді қалай ұстарымызды біле бермейтінбіз. Би додаларында екеуі бір біріне қарсылас болғанды ұнатпайтын, - дейді биші балалардың анасы. 

Дегенмен, хаус биі бағытында жетістіктеріне қарамастан, қазір би үйірмелерінде «Быстрые ножки» деген лақап атқа ие болған 14 жастағы Рауль биді тастап, футболға бет бұрған.


Жаттықтырушылар мен басқа ата-аналар маған келіп «ана ретінде сөзіңді өткізіп, қайта биге неге қайтармайсың? Ол өте дарынды бала, биге қайтарыңыз» деген ұсыныстарымен келген болатын. Бірақ мен оларға ұлымды мәжбүрлей алмайтынымды түсіндірдім және оның өзіне ұнайтын ісімен айналысқанын қалаймын, - дейді ол. 


Бір қызығы, қазір Элая жұмыс істейтін би студиясына сабақ беруге алғашында оның ағасын шақырған екен. Алайда Рауль ұстаз болуды ұнатпапты, көп ұзамай ол бұл кәсіпті тастап кеткен, орнына оның қарындасы келген екен. 


Элаяға керісінше, балаларды биге үйреткен ұнайды. Сабақ беріп көруде өзі ұсынды. Оны балаларға шеберлік сабағын өткізуге шақырды, сабақты жақсы өткізіп, оны мақтаған. Ол бұл процестен ләззат алады. Оны жасырмай өзі де айтады. Өзін мұғалім ретінде дамытқысы келеді, - дейді қыздың анасы. 

Биші ұстаздық жолды былтыр, 11 жасында бастаған. Қазір ол екі топта аптасына 3 рет сабақ береді: күндізгі сабаққа мұғалімнің өзінен үлкен, 11-13 жас аралығындағы балалар және кешкі топта 7-20 жас аралығындағы студент қыздар қатысады. Әр топта орта есеппен 10 адам, оларды жас мұғалім Instagram желісіндегі парақшасын пайдаланып, сыныпқа қабылдау туралы хабарландырулар жариялап шақырған. 


Бір қызығы, қыздың анасы Элая жұмыс істейтін студияның директорын көрмеген, өйткені 12 жасар қыз жұмыс жағдайы мен жалақысын өзі келіскен, қазір ол жұмысы үшін 60 мың теңге жалақы алады. 

Элая жалақысына қатысты мәселені өзі шешеді, жеке картасы бар, ақшасын толықтай өзі ұстайды. Кейде картасында менің ақшамнан да көп қаражат болады. Өйткені ақылы чемпионаттар өтіп, жүлде алған кезде жүлде қоры да оның картасына түседі, - дейді қыздың анасы. 

Әзиза Байшақованың айтуынша, Элаяның шәкірттерінің ата-анасы мұғалімнің небәрі 12 жаста екенін білгенде, оларда қандай реакциясы болғанын білу бастапқыда оның өзін де қызықтырған. Дегенмен, Элая бұл процеске байыппен қарайды және топқа келген балаларға алғашқы сынақ сабақтарын ұйымдастырады, сонымен қатар ата-аналармен кері байланыс орнатып, балалармен қандай бағытта жұмыс істейтін тұстарын айтады. 

Өкінішке қарай, кейде ата-аналардың би сайысының мәдениетін жете түсінбей жатады. Егер бала бірінші рет қатысып, іріктеуден өтпей қалса, «баланың биге икемі жоқ, енді қатыспаса да болады» деп есептейтін жағдайлар болып жатады. Осындай кезде Элая өзінен гөрі оқушыларын уайымдайды. Ол баланың ата-анасына бұл қалыпты жағдай екенін және бәрі бірден жеңе бермейтінін түсіндіруге тырысады, - дейді қыздың анасы. 

Алайда бір жыл ұстаздық еткен Элая 5 қарашада Алматыда өткен International Street Dance Session байқауының финалына шыққан шәкіртінің жетістігімен мақтана алады. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен бишілер қатысып, Элаяның шәкірті финалға шығып қана қоймай, екінші орынға ие болған.

 

Элая өзі байқауда алғаш рет батлда емес, Solo show kids, Solo performance категориясында өнер көрсеткен, ол үшін хореографтармен жұмыс істеп, арнайы нөмір қойған. Бірінші номинацияда қыз бірінші орынды жеңіп алса, екінші номинацияда екінші орынды жеңіп алған, байқауда төреші Beyoncé, Jennifer Lopez, Doja Cat, - Amandy Fernandez-пен бірге өнер көрсететін әйгілі америкалық биші болған. Элая өзінің жеке өнер көрсетулерінен басқа, тәжірибелі 30 жастағы бишілермен бірге Show professionals номинациясында топта өнер көрсетіп, жеңіске жеткен. 

Әртүрлі командалар оны бірігіп жұмыс істеуге шақырады. Бұл жолы Collabs командасы шақырды, бұл командада Қазақстанның ең үздік хореографтары бар, олар Элаяны солист ретінде шақырып отыр, - деп түсіндіреді Элаяның анасы. 
Элаяға түрлі командалар құрамында өнер көрсету туралы ұсыныстар жиі түседі екен. Ал биші тәжірибелі бишілерден жаңа нәрсені үйрену мүмкіндігін көргенде ғана келіседі. 

Элая өзі жарыстарда ең алдымен қарсыласымен би шайқасына түскенді ұнататынын айтты. 12 жасар қыз Қазақстан мен шетелде би сайыстарында 50-ден астам рет жеңіске жеткен. 


Біз Қырғызстанға барғанды жақсы көреміз, өйткені Элая ол жақтан қанжығасы майланбай қайтпайды. Жүлде қоры да жақсы, соңғы рет ол бір номинация бойынша 300 доллар (130 мың теңге) ұтып алды, ал топтық номинацияда ол командамен бірге жүлде қорын бөлісті. Сапарының шығынын ақтап алғанына қуанды, - дейді анасы. 

2019 жылдың желтоқсанында Элая «No Baby Anymore Dance Talent» шоуының іріктеуіне қатысу үшін Мәскеуге барды, онда ол хип-хоп бағытында өнер көрсеткен. 


Бұл әлемдік қозғалыс. Жыл сайынғы басты шоу Парижде өтеді, егер сіз оған жасөспірім кезіңізде барсаңыз, онда би саласында өз орныңыз бар деген сөз. Парижге жету үшін іріктеу жыл бойы түрлі елдерде өтеді.

Қазақстанда мұндай іріктеу жүргізілмейді. Іріктеу өтетін ең жақын ел Ресей болғандықтан бардық. Үш жыл бұрын хип-хоп деңгейі қазіргідей емес еді, біз тәжірибе жинап, деңгейін көру үшін бардық, - дейді бишінің анасы.


Ол кезде мен нашар биледім. Ал онда «тіс қаққан қасқырлар» болды, – дейді Элая. 
Іріктеуге қатысқанның арқасында Элая Украина мен Ресейде хип-хоптың қалай билейтінін көрді, тәжірибе жинақтады және өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Алайда, Элая үшін ең есте қалғаны сол жылдың наурыз айында көп жылдық тәжірибесі бар көрнекті бишілер өнер көрсеткен Италияға сапары болды. Сапар бишіге тәжірибе жинақтауға, басқа қатысушылардың дайындық деңгейін көруге көмектесті. 


Элая енді waacking стиліне баса назар аударып жүр, ол алдағы жылы Италияда өтетін би байқауында Қазақстанның атынан шығады. Өткен жылы Нұр-Сұлтанда Элая екі номинацияда жеңіске жетіп Италияға жолдама ұтып алған болатын. 

Біз Италияға билет те сатып алдық, 1 сәуірде сонда болуымыз керек еді, пандемияның енді басталған кезі еді. Шара өткізілмей, кейінге қалдырылды. Ал Элая шараның қайта жандануын қатты күтіп жүр. Ол 8 үздік бишінің қатарында Қазақстанның намысын қорғайтын болғандықтан, іріктеуден қайта өтуі керек болады, - деді қыздың анасы. 

Биші қызымыз «Дети» және «Начинающие» екі номинацияда бойынша өнер көрсетпек. 


Элая биден бөлек, балалар киімі брендтерінің жарнамасы мен жарнамалық роликтердің түсіріліміне де қатысады. Элая брендтермен жарнама және ынтымақтастық бойынша келіссөздерді өзі жүргізеді, төлемді ақшамен немесе өзіне ұнаған киімдермен алады. 


Ол өзі келіссөздер жүргізеді, олар оған инстаграмда жазады. Элаяға 2GIS-ті қалай пайдалану керектігін үйреттік, ол таксиге тапсырыс беруді біледі, яғни оны алып кетіп, әкелу бойынша қиналмаймыз. Егер тым кеш болса немесе алыста болса, сол кезде көлікпен алып кетуімізді өтінеді. Ал қай брендтермен жұмыс істейтінін өзі шешеді, - дейді қыздың анасы. 

Қыздың анасы атап өткендей, ол фотомодель болып, жалпы камера алдында жұмыс істегенді, жарнамалық би роликтерін қойғанды ұнатады. Қазір Элая оны үнемі түсірілімге шақыратын 8 дүкенмен жұмыс істейді. 

Өткен жылдың тамыз айында Элаяның жетістіктері туралы америкалық The New York Times басылымының мақаласында да атап өтілді. Мақала 2020 жылдың маусымында қайтыс болған «Wacking Dance» бағытының негізін қалаушы Тайрон Прокторға арналған. Мақалада өз елінде би бағытын дамытуға үлес қосып жүргендер туралы айтылған, олардың арасында Элая да бар.  

Элая waacking бағытындағы биші ретінде көрсетілген екен. Ал өз басым ана ретінде мақтанамын, - дейді Әзиза. 

Болашақта биші қыз «ПРОтанцы» және ТНТ арнасындағы ресейлік «Новые танцы» шоуына қатысқысы келеді, онда балаларға арналған категория бар екен. 

Жоспарда болашақта сол жобаға қатысу ойда бар. Қызықты ұсыныстар болып жатса...Өйткені ол жерде даму бар, - дейді Әзиза. 
Сондай-ақ Элая әлемдік жұлдыздармен бірге өнер көрсетуді және өзінің би студиясын ашуды армандайды.

         

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы