Маңғыстау облысында 12 жасар балаға футбол қақпасы құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері балаға дереу операция жасалғанын айтты, деп хабарлады 24.kz.

Жантүршігерлік оқиға 29 мамыр күні Жетібайда болған. 19:00 шамасында Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылының 2007 жылғы тұрғыны бастың ауыр жарақатымен дереу Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Баланың бас сүйегінің негізгі бөлігі сынып кеткен. Сондай-ақ ол травматикалық шок алған. 

Әжесінің сөзінше, бала футбол алаңында ойнап жүрген уақытта оның үстіне қақпа құлаған. 

«Дәрігер нейрохирургтар баланы қарап шыққан соң, басына дереу ота жасады: олар ісікті алып тастап, бас сүйегін тесіп операция жасады. Ота шамамен бір жарым сағатқа созылды. Қазіргі жағдайда баланың жағдайы тұрақталды», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы