12 қыркүйек, сенбіге арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Республиканың кей жерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыста және шығыста – тұман.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.
Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы, Жамбыл облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 109 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты
Өзгелердің жаңалығы