12 вагон жолдан шығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл ЖТ бөлімшесі учаскесіндегі пойыздардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Бқл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл ЖТ бөлімшесінің Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы станциясында бір жолдан пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылғы 1 ақпанда сағат 13:55-те осы учаскеде жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен болатын. Құрамға бидай тиелген. Жолдан шығып кету себебі - вагон бүйір рамасының сынуы. Апат орнында Сарышаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық университеттердің 2021 жылғы рейтингі жарияланды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы