22 Желтоқсан 2025 2025, 11:15
Фото: Depositphotos.com
12 өңірде жол қозғалысы қиындайды
2025 жылдың 22 желтоқсанында еліміздің 12 облысында ауа райының нашарлап, республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қиындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылдың 22 желтоқсанында еліміздің 12 облысында ауа райының нашарлап, республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қиындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Болжамға сәйкес, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында кей жерлерде жаңбыр аралас қар және қар түріндегі жауын-шашын түседі.
Қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтауды, арақашықтықты ұстануды, жол қауіпсіздігі ережелерін орындауды, сондай-ақ жол жағдайының нашарлауы мүмкін екенін ескеруді сұрайды.
Республикалық автожолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.