3 Ақпан 2024 2024, 07:40 Фото: BAQ.KZ архив

12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

3 ақпан күні еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

3 ақпан күні еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қарағанды, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында жаяу бұрқасын соғады.

Атырау, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады.

Батыс Қазақстанда – көктайғақ, күндіз елдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болады.

Түркістан мен Алматы облыстарында тұман түседі.

Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел күшейеді.