12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ауа райына байланысты ескерту Астана қаласы мен еліміздің 12 облысында жарияланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30 қарашада Астанада көктайғақ болады.
Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, ал күндіз – оңтүстігі мен орталығында жел 18-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысында қатты жауын-шашын болып, тұман түседі.
Ақтөбе облысында тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысында жауын-шашын, көктайғақ, тұман және бұрқасын болады деп болжануда.
Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Жетісу облысында батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде жел екпіні кей кезде 25 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысында – тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысында кей кездері қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын шығысқа ауыстырып, түнде облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Абай облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады. Облыстың батысында, орталығыда жел екпіні 15-20, кей кезде 25 м/с дейін жетеді.