12 Наурыз 2026, 10:31
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов
12 наурызда Астана оқушылары түстен кейін де онлайн оқиды
Елорданың екінші ауысымда білім алатын 0-6 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан білім алады.
Бүгін елорданың екінші ауысымда білім алатын 0-6 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқытылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының Білім басқармасына сілтеме жасап.
2026 жылғы 12 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне қатысты) байланысты екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген қалалық Білім басқармасының ресми хабарламасында.
Бұған дейін елорда мектептерінде бірінші ауысымдағы оқушылар қайтадан қашықтан оқуға жіберілгенін хабарладық.