Есмағамбетова вакцинадан кейін қанша адам індет жұқтырғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.
Осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина сатып алуға қанша қаржы жұмсалғаны мен вакцинадан кейін қанша адам қайтыс болғаны туралы айтты.Біз алғашқы доза алғандар бойынша есеп жүргіземіз. Себебі екінші компонентті алатындар да сол адамдар. Халықтың 6,3 млн-ы вакцина алды. Вакцина алғандардың ішінде 12 528 адам ауырды. Бұл 0,2 пайызды ғана құрап отыр. Вакциналар бойынша жіктесек: Суптник – 9 608, QazVac- 228, Hayat – 1 330, CoronaVac – 349. Жалпы алғашқы дозаны алғандардың 0,2 пайызын құрап отыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ДСМ басшысы вакцина алуға қанша қаржы кеткенін айтты
Өзгелердің жаңалығы