12 мыңға жуық адам ем қабылдауды жалғастыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 28 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 184 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 975 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 822 бала бар. Стационарларда 3 294 науқас жатыр. 8 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 199 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41940, 440 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30422 жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін тек Өскемен қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы