12 мыңнан аса адам Астана Банкінен өз қаражатын алды

Алматы, BAQ.KZ. Бұған дейін жұмысын тоқтатқан Астана Банкінің салымшыларына қаражаттары қайтарыла бастады. Төлемнің алғашқы күні салымшылар 16,2 миллиард теңге алды, деп мәлімдеді «Хабар 24».

Жабылған банктің салымшыларымен Ерузиялық банк жұмыс істеуде. Аталған банк берген мәлімет бойынша, төлемнің бірінші күні еліміз бойынша 12 мыңнан аса адам өз ақшаларын алған. Солардың ішінде бір клиент 38 теңге үшін күні бойы кезете тұрған. Бұл жайт қаржы институты қызметкерлерінің таңданысын тудырған.

Салымшылардың кепілдендірілген қаржысын қайтару осы жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.

Еске салсақ, Астана Банкі барлық банктің операция жүргізу лицензиясынан айырылған болатын. 2018 жылдың 26 қарашасында Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында банктің күшін ықтиярлықпен жою үкімі шығарылған еді. 2019 жылдың 9 қаңтарында үкім өз күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы