1,2 млрд теңге шығын: Атырауда интернет-алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілді

Атырау қаласының прокуратурасы азаматтарды интернет-алаяқтыққа қарсы сақ болуға шақырады. Соңғы жылдары өңірде мұндай қылмыстар 14%-ға өсіп, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 1,2 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алаяқтар әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жалған сайттар арқылы азаматтарды алдауға тырысады, көбінесе өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе таныс адам ретінде таныстырады. Олар жеке деректерді, банк картасы реквизиттері мен кодтарды алуға ұмтылады.

Прокуратура азаматтарға:

  • Бейтаныс сілтемелерге өтпеуге,
  • Жеке және банк деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге,
  • Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге,
  • Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласуға кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы