12 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы 12 маусымға арналған ауа райы болжамын хабарлады. 

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 12 маусымда циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР территориясында найзағай ойнап, елдің оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз оңтүстікте, шығыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз солтүстікте, Атырау облысының шығысында – найзағай ойнайды.

Таңертең және күндіз Алматы облысының шығысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, солтүстікте, Ақмола облысының орталығында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай облысында түнде солтүстікте, күндіз солтүстікте, батыста, шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде солтүстікте, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз солтүстікте, Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде найзағай ойнайды.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы