12 маусым – жалпыұлттық аза тұту күні
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 11 маусымдағы №40 өкімімен 2023 жылғы 12 маусым Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жалпыұлттық аза тұту күні бұқаралық ақпарат құралдарының, телерадио хабарларын тарату операторларының қызметін реттеу, ақпараттық интернет-ресурстарды, мемлекеттік органдардың ресми сайттарын ресімдеу бойынша ұсынымдар әзірледі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын, телерадио хабарларын тарату операторларын, мемлекеттік органдар мен ұйымдарды ұсынылып отырған ұсынымдарды ұстануға, сондай-ақ, жалпыұлттық аза тұту күніне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы