12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады.
"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, кей жерде жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, тұман, найзағай, бұршақ болжанады.Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерінде дауыл, тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының таңертең және күндіз кей жерінде дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін.
Атырау облысында, таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы