12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні

Бүгін, 12 мамырда Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрдің сөзінше, медбикелердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі жыл сайын артып жатыр.

Уақыт талаптарына сәйкес, орта медицина қызметкерлерінің емдеу процесіне қатысуы артып келеді, пациенттің денсаулығы үшін кәсіби жауапкершілік сияқты функционал кеңейіп жатыр. Медбикелер – денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіби топтың бірі, - деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Бүгінде Қазақстанның медициналық ұйымдарында 190 мыңнан астам, ауылда 54 мыңнан астам, бастапқы буын деңгейінде 65 мың орта медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр.

Барлық медбикелерімізді кәсіби мерекесіімен құттықтаймын! Күнделікті еңбектеріңіз бен шыдамдылықтарыңыздың, қайырымдылықтарыңыз бен көп жылдық тәжірибелеріңіздің арқасында пациенттердің денсаулығы қалпына келіп жатыр. Әрқайсыңыздың отбасыңызға амандық, кәсіби тұрғыдан өсу, сарқылмас қуат және жақсы көңіл-күй тілеймін, - деді министр Ақмарал Әлназарова.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы