Маңғыстау облысында жол апатынан 12 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол апаты 11 қыркүйек күні болған. Ақтау-Жаңаөзен трассасында жолаушылар ГАЗелі мен Ravon Nexia жеңіл көлігі соқтығысып, салдарынан 12 адам зардап шеккен.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты жеңіл көлік жүргізушісінің ара қашықтықты сақтамағанынан болған.

«Ravon Nexia көлігінің жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылды», - деп хабарлады ведомствода.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнынан Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 адам әкелінген. Оның 4-еуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы