12 600 отбасы жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 12 600 отбасы жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Биыл "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында 15 млн шаршы метр немесе 150 мың баспана салу жоспарланған. Мемлекеттік инвестициялар есебінен әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік 38 300 пәтер (2,2 млн шаршы метр) сатып алынады және салынады. Соңғы жылдары Қазақстанда тұрғын үй құрлысы қарқынды дамыды. Бүгінгі таңда бір тұрғынға шаққанда пайдалану көрсеткіші 0,71 пайызды құрады. Бұл ТМД елдері арасындағы жоғары көрсеткіш. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 90 млрд теңге көзделген, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Бұл жерде ол Қазақстанның жер көлемінің үлкендігі мен халық санының аздығын ескермеген секілді. Сондықтан біз Ресейдің алдына шығып отырмыз.

Оның айтуынша, жалға берілетін тұрғын үймен 12 600 отбасын қамтамасыз ету жоспарланған.

Соның ішінде - 6 000 көпбалалы отбасы; 1 000 жас маман; 5 600 халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататын кезекте тұрған адамдар бар. Кредиттік тұрғын үй құрылысына 2017 жылдан бастап 207 млрд теңге бағытталды. Осы қаражат әкімдіктерде револьверлік негізде айналымда, соның ішінде жыл сайын шамамен 101 млрд теңгеге тұрғын үйді іске қосуды қамтамасыз етеді, - деді вице-министр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк дағдарыс кезінде құрылыс саласын қолдау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қосымша 180 млрд теңге бөлді. Бұл ақшаны алу үшін әкімдіктер облигациялар шығаруға дайындалып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы