Өткен жылы Алматыда 12 183 отбасыға АӘК төленген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  2019 жылы Алматыда 12 183 отбасыға АӘК төленіп келді, оған 7 121,2 млн теңге жұмсалды.  Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифинг барысында айтты.


Тағы 50 мыңнан астам адамға қосымша қолдаулар консультация ретінде берілген. 
 

“Бақытты отбасы” жергілікті бағдарламасы бойынша демеушілердің, мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен 661 отбасыға пәтер берілді. Сонымен қатар көп балалы отбасылар үшін баспана беру тізім жасалды, қазір 1929 ана кезекте тұр. Жыл соңына дейін тағы 500-600 пәтер берсек деген жоспарымыз бар,-дейді ол.   


С.Тұяқбаевтың айтуынша, өткен жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 126 млн теңгенің қолдауы жасалған. Сонымен қатар қаланың әр ауданында Іскер ана орталықтары ашылып, көпбалалы аналардың кәсіппен айналысуына жағдай жасалуда. 
 

Бизнесті оқыту бағдарламалары бойынша 7 мыңдай ана оқу курстарына қатысып, 617 ана грантқа қол жеткізді. Тағы 600-дей ана жеке кәсіпкерлердің гранттарына қол жеткізді,-деді ол.  


Сонымен қатар, ол биылдан бастап Атаулы әлеуметтік көмек берудің шарттары өзгергенін атап өті.
 

Енді төрт және одан көп баласы барларға табысына қарамастан әр бала үшін 10 625 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленбек. Сонымен қатар, қаладағы әлеуметітк жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды мектепте ыстық тамақпен және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету қолға алынып отыр,-деді әкім орынбасары. 


Сөз арасында ол қаладағы сегіз ауданда орналасқан ХҚКО-да АӘК бойынша өтініштер қабылданып жатқанын жеткізді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы