11 Наурыз 2019 2019, 14:40
12-14 наурызға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. Антициклон алдағы үш тәулік бойы Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райын анықтайтын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Астана, BAQ.KZ. Антициклон алдағы үш тәулік бойы Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райын анықтайтын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ала бұлтты, ауа райының күндізгі температурасы 0…+8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12…+20°С градус болады деп күтілуде, бұл климаттық нормадан 4…10°С градусқа жоғары», - делінген таратылған хабарламада.Кей жерлерде тек еліміздің батыс және шет солтүстік аймақтарында, Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыйтын атмосфералық фронттардың ықпалынан, жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжануда.