118 мың тұрғын үйде 158 мың өрт қауіпсіздігін бұзушылық анықталған – Дербісов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде айтты.

Әкімдіктермен бірлесіп, әлеуметтік әлжуаз санаттардың өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тұрғын үйлер тексерілді. Бүгінгі таңда 107 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды. Олар 100 пайыз қаралды, шамамен 400 мың адамға нұсқаулық берілді. Жалпы аралау барысында ТЖМ-нің 764 мыңнан астам тұрғын үй қамтылды. 51 мың тұрғын үйдің иесі тексеру мен кеңес беруден бас тартты. Жалпы 747 мың азаматқа нұсқаулық берілді, - деді ол.

Дербісов атағандай, 118 мың тұрғын үйде 158 мың өрт қауіпсіздігін бұзушылықтар анықталған.

Оның ішінде 40 мыңнан астамы сол жерде жойылды. Олар автономды жылыту жүйелерін пайдаланумен тікелей байланысты. Бұл бұзушылықтар тіркелген үйлерді екінші мәрте тексеру жүзеге асырылады. Биылдың соңына дейін 2 млн тұрғын үйді аралау жоспарланып отыр, - деді ол.

Дербісов атағандай, жылыту маусымынан бері өрт саны 20 пайыға, өрттен қаза болғандар саны 32,5 пайызға төмендегені байқалған.

Соңғы тексерістер өрт санының едәуір азайғанын көрсетіп отыр, - деді ол


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы