114 сағат үйінді астында. Құтқарушылар 11 жасар баланы аман алып шықты
Құтқарушылар Түркияның Адыяман қаласында 114 сағат бойы үйінді астында жатқан 10 жасар баланы алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Диянет түрік қорының армиялық іздеу-құтқару тобы мен Орду Афад офицерлері 10 жасар Месут Бозкуртты Түркияны дүр сілкіндірген жер сілкінісінен кейін 114 сағатта Адыяман орталығындағы пәтерден құтқарды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сирияда құрбан болғандар саны 20 мыңнан асты. Қазақстандық құтқарушылар Түркиядағы үйінді астынан жеті адам мен 19 адамның мәйітін алып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы