11 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әлі де әсер етеді. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік өңірлерде көктайғақ болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
11 желтоқсан күні республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады, оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) болады, - делінген кәсіпорын мәліметінде.
Кәсіпорын ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Түнде жел 18 м/с артады. Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болжанады. Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ, тұман болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Францияда жәрмеңкелердің жартысынан астамы өткізілмейді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы