11 жасар бала көз жұмды: Қарағанды облысында мотоциклдегі жасөспірімдерді жеңіл көлік қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жол апатынан 11 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 маусымда Жезқазған-Қарағанды тас жолында 14 жастағы жасөспірім жүргізіп келе жатқан «Восход» мотоциклі мен «Тойота Камри» автокөлігі соқтығысып қалды. Жеңіл автокөліктің рөлінде 42 жастағы ер адам болған,-деп хабарлады Қарағанды облысының баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, мотоцикл жүргізушісі жолды солдан оңға қарай кесіп өтіп, автокөлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан мотоциклдің 11 жастағы жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды. Түрлі жарақаттары бар мотоцикл жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы