Иордания әуе компаниялары еліміздің 11 әуежайына ұшады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иорданияның әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді. 

Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасы бойынша енгізілген "ашық аспан" режимі аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Иорданиядағы елшілігімен бірлесіп жаңа халықаралық бағыттар ашу және жаңа шетелдік әуе компанияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

2019 жылғы 2 желтоқсанда қазақстандық делегация Иорданияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді.


Иорданияның әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші “әуе еркіндігін” пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді, - делінген хабарламада.

Тараптар Иорданиядағы елшілікпен бірлесіп Қазақстаннан Амман және Акаба қалаларына тікелей рейстер ашу мүмкіндігін қарастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы