Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 11 сәуірде Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы