11 қарашаға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 11-не жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпорын таратқан мәліметке қарағанда, қарашада атлантикалық циклон жырасы және атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Тек, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады, Қазақстан бойынша тұман түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында есірткі сақтаған зейнеткер сотталды
Өзгелердің жаңалығы