11 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің 11 өңірінде жел, шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайтынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының басым бөлігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 17-22 м/с.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 17 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.