11 мыңнан астам қазақстандық жалған инвестицияның құрбаны болды
Қазақстандықтар цифрландырудың игілігін көргенімен, бір жағынан зардап та шегіп отыр. Интернет желісі алаяқтар мен қылмыстың "ордасына" айналып бара жатқаны жарысын емес. BAQ.KZ тілшісі осы мәселе бойынша Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдады.
Ресми хатта "Қанша қазақстандық интернет-алаяқтардың құрбанына айналды? Жалпы шығын сомасы қандай?" деген сауал қойылды.
Қоғамды цифрландырудың қаншалықты маңызды екені белгілі. Қазір онлайн-режимде мемлекеттік, сондай-ақ банктік және өзге де қызметтерді алуға болады. Өкінішке қарай, бұны қылмыстық элемент, атап айтқанда алаяқтар белсенді қолданады. 6 айдың қорытындысы бойынша 11 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Оларды жасаудың ең көп тараған тәсілі – ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландырулар орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Әдетте, алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетеді және алдын-ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды, - деп жауап берді ведомстводан.
Сонымен қоса жарты жылда елде қанша алаяқтық қылмыс тіркелгеніне тоқталды.
Жарты жыл ішінде 3 мыңнан астам, нақтырақ айтқанда, 3667 алаяқтық қылмыс тіркелді, - деп нақтылады Ішкі істер министрлігі.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін:
Біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз.
Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз.
Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз, оның ішінде бейне қоңырау арқылы. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстар немесе туыстарыңыздан тауарды алуды және жіберуді сұраңыз.
Азаматтар күмәнді брокерлік компаниялар мен инвестициялық жобаларға инвестиция салу арқылы ақшаны тез көбейтудің түрлі схемаларына қатысуды жалғастыруда.
Бұндай схемалардың құрбаны 1 мыңнан астам қазақстандық болды, олар өз ақшаларын жоқ (болмаған) инвестициялық жобаларға салды. Сонымен қатар кейбір жағдайларда осы мақсаттар үшін несиелер рәсімделді. Жеңіл ақшаны іздеп, олар жинақтарын жоғалтты. Алаяқтар ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте "менеджерлермен" және "брокерлермен" барлық қарым-қатынас онлайн-режимде, оның ішінде мессенджерлер арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар үлкен қаржыны тарту үшін дивидендтерді бір реттік төлеуді жүзеге асырады, - дейді Ішкі істер ведомствосы.
Айта кетерлігі, келесі кең таралған әдіс – банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің атынан телефон қоңыраулары.
Қазір шетелден жасалған алаяқтық қоңырауларды байланыс операторлары таниды және бұғаттайды. Осылайша, жүйенің жұмыс істеуі кезеңінде 66,9 миллионнан астам осындай қоңыраулар тоқтатылды.
Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтарды ақшаны шоттан немесе депозиттен қауіпсіз "сақтандыру" шотына аударуға көндіреді. Ол кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады.