11 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағаймен жаңбырлы тұрақсыз ауа райы сақталады.
Республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде дауыл, желдің 15-23 м/с күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз кей жерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.
Түнде Павлодар облысының кей жерінде тұман болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.