11 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2023 жылдың 11 мамырында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, батыста, солтүстікте тұман күтіледі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.

Шымкентте - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы