11 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антициклон әлі де республиканың батыс жартысына ықпал ете береді, сондықтан мұнда жауын-шашын болмайды.

Қазақстанның шығыс аумағында циклон және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 

Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, тұман түседі, солтүстігінде көктайғақ болады. 

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. 

Ақмола облысының шығыс жартысында тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Алматы облысының таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, күндіз шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел қарқыны - 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысында тұман болады. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы