11 қараша, сәрсенбі күнгі ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қарашада ел аумағының басым бөлігінде ауа райына Салехард аймағынан келетін циклон әсер етеді. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Республиканың кей жерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел қарқыны - 15-20 м/с.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз желдің екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз желдің күші15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында жел қарқыны - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.