25 Қазан 2026, 20:08 Фото: depositphotos.com

- 11 градусқа дейін төмендейді: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, елдің кей өңірлерінде түнде аяз күшейеді.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы −11 градусқа дейін төмендейді. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін. Солтүстікте жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» ескертті.

Елдің басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Ал солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерге атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша тұман түседі. Елдің батысында, оңтүстігінде, шығысы мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін, – деп хабарлады синоптиктер.

Жетісу облысында түнде ауа температурасы −2…−7 градусқа дейін төмендейді. Облыстың орталығында және Талдықорғанда аяз −11 градусқа дейін жетеді. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында ауа температурасы −3…−8 градусқа дейін төмендейді. Таразда түнде −6…−8 градус аяз болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында түнде желдің екпіні секундына 25 метрге жетуі мүмкін.

Алматы облысында түнде −2…−7 градус аяз күтіледі. Алматы мен Қонаевта ауа температурасы −2…−4 градусқа дейін төмендейді. Облыстың шығысында және таулы аймақтарында, соның ішінде Алматының таулы бөлігінде желдің екпіні секундына 17–22 метрге жетеді.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігі мен солтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Бұл өңірлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде кей жерлерде ауа температурасы −3 градусқа дейін төмендейді.

Шымкентте желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде топырақ бетінде −2 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Павлодар мен Петропавлда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында, Абай және Ұлытау облыстарында да тұман түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында күндіз желдің екпіні кей жерлерде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Атырау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Елдің батысындағы, оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.