Нұр-Сұлтандағы өрттен зардап шеккен 11 бала ауруханада жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданындағы Халел Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан жекеменшік бес қабатты жатақханадан өрт шықты. Қазіргі кезде өрттен зардап шеккен 26 адам ауруханада жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті әлеуметтік көмекті ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Аслан Жангереев тілшілерге берген сұхбатында айтты.
«Бүгін сағат 10:39-да төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Байқоңыр ауданы Халел Досмұхамедұлы (4-үй) көшесіндегі бес қабатты жатақханадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Арада 8 минут өткенде алғашқы өрт сөндіруші бригада оқиға орнына келіп жетті. Бес қабатты жатақхананың екінші қабатында жиһаз өртенген. Жалын 20 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 32 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Жедел жәрдем көлігі 26 адамды ауруханаларға жеткізді. Оның ішінде 14-і бала. Атап айтсақ, №1 қалалық балалар ауруханасына - 2, №2 қалалық балалар ауруханасына - 6, №1 қалалық ауруханасына 3 ересек адам жатқызылды. Қазіргі кезде 11 бала ауруханада», - деді Аслан Жангереев.
Айта кетейік, оқиға орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов өзі барып, зардап шеккен жандарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин денсаулық сақтау саласын цифрландыру жүйесімен танысты
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы