11 қазанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы қазанның 11-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағынардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар жаууы ықтимал. 

Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің шығысында көктайғақ болып, оңтүстік-батысында шаңды дауыл көтеріледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болып, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. 

Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысында тұман түседі. 

Павлодар облысында, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік-Казақстан, Қарағанды ​​ облыстарының кей жерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы