103 мыңнан 174 мыңға дейін: Полицейлердің жалақысы өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістегі «Үкімет сағатында» Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев полицейлердің жалақысы өсетінін айтты.
Қызметкерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайын көтеру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бүгінде полиция қызметкерлерінің жалақысы құқық қорғау органдары арасында өте төмен. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен жалақы өсіп жатыр, - деді министр.
Тұрғымбаевтың сөзінше, 2023 жылға дейін 50%-дан 90%-ға дейін өсіру көзделген.
Нәтижесінде сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады. Енді олардың әскерилер сияқты баспана алуға мүмкіндігі бар. Тұрғын үй төлемдері банк арқылы жеке баспанасына жұмсалады. Осындай жеңілдікпен қызметкерлердің 72%-ы қамтылған, - деп түсіндірді Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен қатар қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан және жарақат алған қызметкерлердің отбасыларына тұрғын үй төлемдері сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда интернет алаяқтық екі есе артқан
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы