102 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері әрі TikTok жұлдызы қайтыс болды

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері әрі TikTok желісінде "Папа Джейк" атымен танылған америкалық Джейк Ларсон 102 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

1944 жылы Ларсон одақтастардың Нормандия жағалауына жасаған шабуылына (Д-День) қатысып, нацистік Германияның жеңілуіне үлес қосқан. Кейінгі жылдары ол TikTok желісінде соғыс естеліктерімен бөлісіп, 1,2 миллионға жуық жазылушы жинаған.

Ол үш апта бұрын британ-иран журналисі Кристиана Аманпурмен бірге Д-Деньнің 80 жылдығына арналған сұхбаты үшін Emmy сыйлығын алған болатын.

Немересі Маккаэла Ларсон TikTok-та атасының 17 шілдеде бейбіт түрде өмірден өткенін, соңғы сәттеріне дейін әзілдесіп отырғанын айтты.

Сіздер оған өте қымбат едіңіздер. Папа Джейктің естеліктерін бөлісуді жалғастырамын, – деді Маккаэла. 

Ол отбасына жеке кеңістік сұрап, бірақ атасының әңгімелерін әрі қарай да жариялай беретінін жеткізді.

Ларсон соғыс кезінде Арденна операциясына қатысқан. 19 жасында Солтүстік Ирландияның Лурган қаласында әскери қызмет атқарған. Соңғы жылдары Нормандияға бірнеше рет барып, Д-День мерекелеріне қатысқан.

Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі ең қарт марафоншы қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы