102 жастағы әже дауыс берді
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Ақтерек ауылының тұрғыны, 102 жастағы кейуана, Шамшабану Ақпарова әжеміз де кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ел тізгінін ұстаған азаматтарға Алла жар болсын!,- деп батасын берді қарт ана.
Әжеміз өз ғұмырында елімізде өткен барлық сайлауларға қатысып, белсенділік танытқан адам. Бұл жолы да өз үрдісінен жаңылмай саяси науқанның ардагері атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы