102 гидротехникалық құрылыс су астында қалуы мүмкін - министр

Бұл жайында Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республика аумағында 1478 гидротехникалық құрылыс бар.Оның 510-ы жөндеуді талап етеді. 22-сі иесіз. Олар Ақтөбеде - 9, Алматыда – 4, Павлодарда - 1, Қарағандыда – 4, ШҚО – 4. Қазір Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы иесіз ГТҚ коммуналдық меншікке алу бойынша сот талқылауы жүріп жатыр, - деп мәлімдеді министр.

Биыл 13 объектіде көп факторлы зерттеу жүргізіп, 15 объектіде бөгеттердің қауіпсіздік декларациясын жасау мақсатындареспубликалық бюджеттен 652,7 миллион теңге бөлінген. 2024-2026 жылдары 31 ГТҚ жөндеу үшін 1524,3 миллион теңге сұраным енгізілді.

Қазіргі таңда 206 гидротехникалық құрылыстың 102-сінде су тасқыны қаупі бар. Ол аумақта 296 елді мекен орналасқан, 2 547 649 адам қоныстанған. Қазір 41 ГТҚ-ны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Транзиттік режимге ауыстырылатын 3 суқойма бар. Олар Қандысу мен Қаракөл (ШҚО) және Шарық (СҚО), - деді Зүлфия Сүлейменова.

Бұған дейін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты. Айтуынша, елімізде су тасқыны қаупі бар 1072 елді мекен бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы