101 жастағы әже дауыс берді
Алматы, BAQ.KZ. Панфилов ауданында 101 жастағы әже өз үйінде дауыс берді.
12 баланы тәрбиелеп, өсірген кейуана бүгінгі күнге дейін қанша рет дауыс бергенін білмесе де, әрқашан саяси науқаннан еш қалған емес.
Десе де, бұл жолғы сайлау ерекше екенін айтты. Еліміздегі саяси оқиғалар мен жаңалықтарды қалт жібермейтін Нағиман Шалабаева барша тұрғындарды дауыс беруде қалыс қалмауға шақырды.
Саяси науқан қарсаңында ауданда 700-ге жуық тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова апа да заңды таңдау құқығын үйінде жасады.
Биыл ерекше жыл болды. Сайлау кезінде көппен болушы едім. Үйден дауыс бердім. Әрбір азамат міндетті түрде дауыс беруі керек. Бұл - еліміздің болашағы, - деп пікірін білдірген дала аруы барша тұрғынды белсенді болуға үндеді.
Жалпы Панфилов ауданында 87605 сайлаушы бар. 74 сайлау учаскесі әрбір тұрғынның заңды таңдауын жасауға жұмыс істеуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы