1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Елдегі карантин талаптарына сәйкес, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына  орай, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарқаны орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға үлестіру бастамасы қолға алынып, жүзеге асырылды.

Айтулы шараның маңыздылығы жөнінде Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев қатысып, жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен «Шалхар» радиосы мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлеріне сұқбат берді. 

Қасиетті Рамазан айының келуіне орай және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында қаладағы барлық кәсіпкерердің қолдауымен күн сайын қаладағы мұқтаж отбасыларға ауызашар орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылады. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б. Осы игі шараға қолдау білдіруге шақырамын, – деді Бақдаулет Нұрматұлы. 

Көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қаладағы  «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «Сайрам», «әл-Біләл» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.

Айта кетсек, Шымкент орталық мешіті мен бірге қала әкімдігі мен кәсіпкерлік палатасы басшылығының қолдауымен бір ай бойы мың отбасыға күн сайын қайырымдылық себеті эстафета түрінде жалғасатын болды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы