«1000 орын. Көше саудасы»: Астанада 875 жер учаскесі қосалқы жалға берілді

Астана қаласында көше саудасы үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру бағдарламасы 2016 жылы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бағдарламаның басты міндеттері туралы Астананың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Astana» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ділмұрат Имінов айтып берді.

Оның айтуынша бағдарламаның негізгі тиімділігі – шағын кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, заңсыз стихиялық сауданы жою; стационарлық емес сауда объектілерін елорданың дизайн-кодының талаптарына сәйкестендіру.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2017 жылдың наурыз айында басталған. Ал «Astana» ӘКК» АҚ оператор болып анықталды.

Бүкіл кезеңде 875 жер учаскесі қосалқы жалға берілді: 2017 жылы – 438 учаске; 2018 жылы – 178 учаске; 2019 жылы – 116 учаске; 2020 жылы – 67 учаске; 2021 жылы – 32 учаске; 2023 жылы – 44 учаске. Бүгінгі күні жалпы ауданы 3 800 мың шаршы метрден асатын 250-ден астам жер учаскесіне қосалқы жалдау шарттары жасалды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Қоғам gosreestr.kz веб-порталында электронды түрде жер телімдерін қосалқы жалға беру бойынша сауда өткізеді.

Статистикалық мәліметтерді және өтініштің қаралу мәртебесін қадағалауға мүмкіндік беретін, iQala платформасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жер телімін беруге өтініштерді электронды түрде қабылдау қызметі енгізілді. 

Қазіргі уақытта жер телімдерін беру тетігі 15 кезеңнен тұрады және 4,5 айдан 6 айға дейін уақытты қажет етеді, - дейді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы