1000 атыраулыққа азық-түлік жиынтығы таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Халық" қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрмысы төмен және көп балалы 1000 отбасына жиынтық дәрі және азық-түліктерді таратуда, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Материалдық жағдайы төмен және дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін алты категория бойынша қалалық және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынды. 1000 жиынтық қалаға және аудандарға таратылуда, - дейді ұйымдастырушылар.Жалпы салмағы 60 кг асатын жиынтықта Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар мен азық-түлік жиынтықтары мен жуғыш заттар сондай-ақ антисептикалық құралдар және медициналық маскалар бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы