«100 жаңа оқулық» «Болашақ» бағдарламасының жалғасы іспеттес – Көшербаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты.
 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылды. Аталған жоба аясында елдегі білім деңгейі жаңа деңгейге көтерілді. Әлемдік алдыңғы қатардағы оқу орындарының ең үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылып қазақстандық студенттердің қолына тиді, - деді Көшербаев. 

Ол атағандай, «Рухани жаңғыру» және «100 жаңа оқулық» жобасы «Болашақ» бағдарламасының жалғасы іспеттес.

«100 жаңа оқулық» жобасы аясында өзіндік стилі мен технологиясы бар сала қалыптасты. Осы жобаны Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде қорытындылау шешімі қабылданды, - деді ол. 

 Шараға оқытушылар мен ұлттық комиссия мүшелері және шетелдік сарапшылар онлайн форматта қатысты.



 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы