«100 жаңа есім» жобасының қатысушысы АХҚО әкімшілігін басқаратын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ернұр Рысмағамбетов «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы 
«Астана» халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Ернұр Бүркітбайұлы 1986 жылы 28 сәуірде Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Калифорния технология университеті мен Лондон университеті колледжінің түлегі, қаржы сарапшысы (CFA Charterholder).

2017-2019 аралығында АХҚО Үздіксіз кәсіптік даму бюросы (AIFC BCPD) директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Бұрындары JP Morgan Chase инвестициялық банкі мен Wilshire Associates, Inc инвестициялық компаниясының аналитикалық бөлімдерінде еңбек етті.

2017 жылы «100 жаңа есім» жобасының бірінші толқынына енді.

2020 жылы Президенттік жастар кадр резервінде екінші орын алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы