100 сарбазға алғыс хат табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, алғыс хат табыстады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, қаланың қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын.Қауіпті дертпен күресте белсенділік танытқан сарбаздарды марапаттау барысында қала басшысы олардың ерліктерін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, еріктілер жылы қарсаңында өз еркімен көзге көрінбейтін инфекциямен күресте аянып қалмаған әрбір сарбазға мегаполис тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Емделгендер саны 2287-ге жетті
Өзгелердің жаңалығы