100 рет бұзады. Түсіпов жол ережесін сақтамайтын шетелдік көлік жүргізушілері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте айтты.

Көліктің өзге елде тіркелмегенін пайдалана отыра көлік жүргізушілері құқықтық алаңда болмағанын біле отыра жол-көлік қозғалысы ережесін бұзады.  Автоматтандырылған камералардың көмегімен анықталған 2,5 млн бұзушылықтардың 550 мыңын шетелде тіркелген көліктің жүргізушілері жасайды. Олардың санын есепке алғанда бұл үлес өте жоғары,- деді ол.

Түсіпов атағандай, шетелдер келген көлік жүргізушілердің барлығы ереже бұзады деген сөз емес.

Алайда кейбір санаттар өз көлігі тіркелмегенін біле отыра, кез келген уақытта қалдырып кете алатынын білетін жүргізушілер жол жүру ережелерін бұзуды жалғастырады. Мысалы, бір көліктің 100 рет бұзкшылық жасағаныжәне оған салынған айыппұл 500 мыңнан асып кетуі сынды деректер бар. Сондықтан жол жүру ережесі жүйелі түрде бұзылып отыр,-деді Түсіпов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы