100 мыңнан астам адам тұрғын үй жеңілдіктерінен айырылған

Маңғыстауда 100 мыңнан астам адам тұрғын үй жеңілдіктерінен айырылған. Прокуратураның араласуымен азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Маңғыстау прокуратурасы нормативтік құқықтық актілердің мониторингі шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарына нұқсан келтіретін бұзушылықтарды анықтады.

Белгілі болғандай, облыстық мәслихаттың 25.10.2019ж. №31/368 шешімімен тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі бекітілген. Бұл жеңілдіктер азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде бастапқы жарна немесе тұрғын үй құнын ішінара төлеу кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуге арналған.

Өткен жылы тұрғын үй жәрдемақысын беруді реттейтін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, алушылардың санаттарының саны 2-ден 12-ге дейін кеңейтілгені анықталды.

Облыстық мәслихаттың шешіміне тиісті өзгерістердің енгізілмеуінің нәтижесінде 100 мыңнан астам азамат (оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары) көзделген тұрғын үй жеңілдіктерін пайдалану мүмкіндігінен айырылды. Прокурордың наразылығымен қала және аудан мәслихаттарының шешімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қолдауды қажет ететін азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, - деп хабарлады Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы