100 мыңнан астам адам Hayat-Vax вакцинасын салдырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы өткен брифингте айтты.

Қазір Қазақстанда Hayat-Vax вакцинасының 800 мың дозасы бар. Бұл вакцина да екі компонентті болып есептеледі. Сондықтан 400 мың адам осы вакцинаны салдырта алады. Бүгінгі таңда әртүрлі өңірде 100 мыңға жуық адам Hayat-Vax вакцинасының алғашқы компонентін алды, - деді ол.

Есмағамбетова айтқандай, вакцина салудың алдында ПТР-сынамасын тапсыру ешқандай елде қолданылмайды.

Вакцинация алдындағы ПТР-сынаманың нәтижесі бойынша оң немесе теріс нәтиже көрсетуі де мүмкін. Вакцина ауруды жұқтырмау, 100 пайыз аурудың ауыр өтуі мен көз жұмудан қорғайды. Вакцинацияның тиімділігі біздің статистика бойынша да көруге болады. Ол вакцина алудың бірінші кезеңінен кейін де байқалды, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы